
"Ардагерлерді ардақтайық" акциясы аясында Тасқала жастары еңбек ардагері Л.Земышева мен тыл ардагері К.Бисенгалиевке жеке мекен-жайлық көмек көрсетті. Қолғабыс танытудан талмайтын жастар қариялардың үй маңын қалың қардан тазартуда. Қоғамнан мейірім мен қамқорлық күтетін қамкөңіл жандар еріктілерге алғыс айтып, баталарын берді.