
« Батыс Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № 28-2 шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының аумағындағы барлық иттер мен мысықтар міндетті түрде иттер мен мысықтарды бірдейлендіру жөніндегі дерекқорында тіркеуге жатады. Тіркелген ит пен мысық иесінің меншігі болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалады. Жеке тұрғын үй-жайлардың иелері иттерді олардың қашып кете алмайтын жеке қоныс шекарасында ұстауы тиіс, иттің бары жөнінде үй-жай ауласының кіреберісіндегі қақпада ескерту тақтасы болуы керек.
Иттер мен мысықтардың иелері мынадай талаптарды сақтаулары тиіс:
1) иттер мен мысықтарды Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № 28-2 шешімі « Батыс Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» талаптарына сәйкес күтіп-ұстауды қамтамасыз етуі;
2) айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап, санитариялық-эпидемиологиялық ережелер және нормаларды, сонымен қатар ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер және ветеринариялық нормативтерді сақтаулары;
3) құтыру ауруына күдіктену ретінде қаралатын иттер мен мысықтардың адамдарды тістеген, сілекейлеген, тырнап алған барлық жағдайларды ветеринариялық және тиісті денсаулық сақтау мекемесіне дереу хабарлауы керек;
4) иттер мен мысықтардың өлексесін мал қорымында жоюды ұйымдастыру бойынша шұғыл шаралар қолдану;
5) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өздерінің иттері мен мысықтарын уақтылы вакцинациялануын және диагностикасын қамтамасыз ету керек.
Иттер мен мысықтардың санына бақылау жүргізу үшін стерильдеу жүргізу қажет. Стерилизацияны Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Халықтар Достығы көшесі, 35 мекенжайында орналасқан ветеринарлық станцияда жүргізуге болады.