Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы басты назарда

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы басты назарда

♻️Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасының басшысы Б. Ибрашев Тасқала ауданында мемлекеттік қызметтерді көрсету барысымен танысты.
♻️Жалпы ауданда 17 мекемемен 65 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олырдың ішінде толық автоматтандырылғаны 19 қызмет, қағаз түрінде 6 қызмет, ал қалған 40 қызмет баламалы түрде көрсетіледі.
♻️Мекемелермен ағымдағы жылдың 9 айында 5203 қызмет көрсетілді. Б.Ибрашев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, экономика, әлеуметтік қорғау және құрылыс саласында мемлекеттік қызмет көрсетуші мамандармен кездесті. Онда мемлекеттік қызметті көрсету барысында кездесетін мәселелер талқыланды. ♻️Кездесу нәтижесінде мамандармен ақпараттық жүйелерді оңтайландыру, заңнама қайшылықтарын жою секілді ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, Б.Ибрашев аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында болып аудан тұрғындарына көрсетіліп жатырған қызметтер барысымен танысты.
♻️Іс-сапар қорытындысы бойынша берілген ұсыныстар жиынтығы жасақталды. Ұсыныстар жиынтығы жоғары тұрған мемлекеттік органдарға тиісті шаралар қабылдау үшін жолданатын болады.