Ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Тасқала ауданында семинар- кеңес өтті.
Семинарға аудан әкімі аппаратының басшысы, Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері және учаскелік сайлау комиссия мүшелері қатысты.
Семинарда облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В.А.Иночкин, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы К.А.Аралбекова, Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары С.Ж. Кинжигереева және «Batys ІТ» ЖШС өкілі Ф.Л. Хайретдинов «Сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастырудың жаңа тәсілдері», «Ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша есептелікті жасау тәртібі және дауыстарды санауды ұйымдастыру», «Ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі сайлау туралы қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар», «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасау» туралы өз баяндамаларын оқыды.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсанында сайлау шараларына белсенді араласып жүрген комиссия мүшелері облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының алғыс хатымен марапатталды.
Шара соңында семинарға қатысқан комиссия мүшелеріне сертификаттар табысталды.