Тасқала ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері №15 өрт сөндіру бекеті қызметкерлерімен бірлесіп тұрғын үй секторына бірлескен рейд жұмыстарын өткізді. Рейд барысында тұрғындарға күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы нұсқаулықтар берілді. Көмірқышқыл газынан немесе табиғи газдан уланудан аулақ болу үшін пештің мұржалары тексеріліп, уақтылы тазарту қажеттілігі жайында ұсыныстар жасалды. «Күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау» тақырыбында жадынамалар мен буклеттер таратылды. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасуда.