Тасқала ауданы ТЖ бөлімі қызметкерлері Тасқала аудандық «Жастар ресурсы» орталығының еріктілерімен бірлесіп «Сәулет» мектеп-лицейінде «Төтенше жағдай дегеніміз не?» атты викторина өткізді.
Викторинаның мақсаты-төтенше жағдай саласындағы терминдерді оқушыларға түсіндіру және де оқушылардың төтенше жағдай саласындағы білімдерін арттыру болып табылады.
ІІ кезеңнен тұрған додаға 10-сынып оқушыларының 2 топ командалары қатысты. І кезеңде қатысушыларға «Төтенше жағдай» деген сөзбен құрастырылған сөзжұмбақ шешу тапсырмасы берілді.
ІІ кезең бойынша «Төтенше жағдайды қалай көресіздер?» тақырыбында командалық сурет салу бойынша сынасты.
Викторина қорытындысы бойынша «Азамат» тобы 1-орын, «Жалын» тобы 2-орын иеленді. Жеңімпаз топтар дипломмен марапатталды.
Сондай-ақ оқушыларға өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттер бойынша жадынамалар мен буклеттер таратылды.
Мейрамбек Турарбеков,
Тасқала ауданы ТЖ бөлімі инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты