
Ағымдағы жылдың 5 қазан күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, сәулет, тұрын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салалары бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің онлайн жәрмеңкесі аудан әкімдігінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында тікелей эфирде және «Zoom» платформасы арқылы онлайн форматта өтті. Жәрмеңке барысында Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы А.Ибраев, аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Н.Белгин, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Губашева және аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы С.Иманғалиев өз салалары бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша баяндама жасап, қызмет алушыларға қызмет алу тәртібі бойынша кеңінен түсінік жұмысын жүргізілді.