Талғаттың жеңісі

Талғаттың жеңісі

Нұр-Сұлтан қаласында өткен пара дзюдодан ҚР VI Спартакиадасында батысқазақстандық спортшы Талғат Әжіғалиев 100 келіден жоғары аса ауыр салмақта чемпион атанды.

Сонымен қатар осы жарыста ол «түйе балуан» атанды. Талғат Медетұлы 2002 жылдың 30 қаңтар күні БҚО Тасқала ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. Тасқала колледжінің түлегі. Алғашқы бапкері Бектас Бақтыгереев болса, қазіргі таңда жерлес балуанымызды үлкен додаларға дайындап жүрген білікті бапкерлер Теміржан Хасанғалиев пен Арман Баеновтың екендігін орайы келгенде атап өткенді жөн санадық.

«Екпін»