СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ

СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ

Тасқала ауылында 2020 жылдан бастап Деркөл өзенінің жағасынан арнайы жер бөлініп, ұжымдық бау-бақша ұйымдастырылып келеді. Биыл да игі іс жалғасын тапты. Мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары картоп және т.б көкөніс өнімдерін егіп, қыркүйек айының басында жинап алған болатын. Ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні баубақша орнын келесі жылға дайындау мақсатында сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке жиналған көң-қоқыстарды шығару үшін арнайы техника жұмылдырылды.