Бұл мереке бүлдіршіндердің мектеп қабырғасын, мектеп түлектерінің колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күнгі әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өміріндегі жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Еңбектің ең үлкені – білім, ал білімді жастар – еліміздің болашағы. Сондықтанда жаңа оқу жылына жаңа күш-жігермен келіп, сабақтарыңызды тек жақсы оқуларыңызға тілектеспін.
Қадірменді жерлестер!
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге бүгінгі ерекше әрі жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!
Құрметпен, Тасқала ауданының әкімі А.Халелов