«Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № 580 Жарлығына сәйкес, қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау және мемлекеттік қызметке тарту мақсатында ағымдағы жылы Президенттік Жастар кадр резервіне іріктеу басталуда.
Аталған резервке іріктеудің бірінші кезеңі – кандидаттардың құжаттарын қабылдау ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап арнайы әзірленген pkrezerv.gov.kz цифрлық платформасында онлайн режимде жүргізіледі.
Резерв бойынша толық ақпаратты pkrezerv.gov.kz сайтынан табуға болады.