Қымбатты біздің айбынды офицерлер мен сарбаздар, шекара қызметінің ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз шекарашылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміздің Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ұлан-ғайыр мемлекеттік шекарамызды қорғаудағы еңбектеріңіз орасан. Сондықтан жалындаған жастық дәуренін, ұлағатты өмірін шекара шебіндегі қызметке арнаған әрбір мамандық иесі біздің мақтанышымыз!
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қажымас қайрат, таусылмас жігер, қызметтеріңізге әрдайым сәттілік пен биік тұғыр тілейміз. Арайын шашқан әрбір таң шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыттың мол арнасын әкелсін!
Мерекелеріңіз құтты болсын, шекара шебінің сарбаздары!
Құрметпен, Тасқала ауданының әкімі А.Халелов