Ипотека алу туралы шешім қабылдасаңыз, онда сізге зейнетақы аударымдары туралы анықтама міндетті түрде қажет. Бұл анықтаманы бірнеше жолмен алуға болады. Төменде нұсқаулық көрсетілген.⠀
eGov.kz портал арқылы:⠀
- Сізге ыңғайлы тәсілмен порталда авторизациядан өтіңіз⠀
- «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бөлімін ашыңыз⠀
- «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметін табыңыз⠀
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз⠀
- Аударымдар туралы анықтама қандай уақыт кезеңі үшін қажет екенін көрсетіңіз⠀
- ЭЦҚ арқылы қызметке қол қойыңыз және анықтама 20 минут ішінде дайын болады.⠀
⠀eGov mobile қосымшасы арқылы:⠀
- Қосымшаға кіріп, тіркеліңіз⠀
- «Қызметтер» бөлімінен «Жеңілдіктер, жәрдемақылар, зейнетақылар» бөлімін табыңыз⠀
- Содан кейін «Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат» бөлімін ашыңыз⠀
- Қажетті кезеңді көрсетіңіз⠀
- ЭЦҚ немесе СМС көмегімен қызметке қол қойыңыз, анықтама 4 сағат ішінде дайын болады.⠀
@Kenes1414bot (EgovKzBot2.0) телеграм-бот арқылы:⠀
- @Kenes1414bot (EgovKzBot2.0) телеграм-ботын табыңыз⠀
- Мәзірден «Қызметтер» бөлімін таңдаңыз⠀
- Содан кейін мессенджер арқылы «Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат (инвестициялық табысты ескере отырып)» бөлімін таңдаңыз⠀
- Өз атыңызды жіберіңіз⠀
- Телефон нөміріңізді жіберіңіз⠀
- Қажетті кезеңді көрсетіңіз⠀
- SMS арқылы сізге келетін кодты жіберіңіз⠀
- Бірнеше минут ішінде анықтама дайын болады. Сіз оны жүктей аласыз немесе поштаңызға бағыттай аласыз.⠀
Қажетті анықтамаларды үйден шықпай-ақ алыңыз!⠀