
Елден тыс жерлерде тұратын Қазақстан азаматтары енді eGov.kz көмегімен некені қия немесе бұза алады, баланың тууын тіркей алады, атын, тегін, әкесінің атын өзгерте алады және қайтыс болғаны туралы анықтаманы ала алады. Дайын құжат 20-дан астам мемлекеттердегі Қазақстанның елшілігінде немесе консулдығында беріледі.