Жол қауіпсіздігі басты назарда

Жол қауіпсіздігі басты назарда

Аудан әкімінің орынбасары А.Халауединнің төрағалымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кеңес өтті. Кеңес отырысына аудандық мекеме және ұйым басшылары, «Тасқала темір жол станциясы» желілік полиция бөлімшесінің басшысы Д.Кустамбаев қатысты. Желілік полиция бөлімшесінің басшысы Д.Кустамбаевтың мәліметіне сәйкес 2021 жылдың 5 айында аудан аумағында жүк тасымалдаушы поездардардың 7 авариялық тоқтауы орын алған. Олардың ішінде 2 жағдай ірі қара малымен соқтығысуының салдарынан болып отыр. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 559-бабының 1-тармағына сәйкес айыппұл салынған. Мәлімет үшін дерек 2020 жылы 16 авариялық тоқтау болса, 7 жағдайда ірі қара малымен соқтығысқан.
Отырыста аудан бойынша жол-көлік оқиғаларының алдын–алу бойынша тиімді шараларды қабылдау қажеттілігі аталып өтілді. Полиция инспекторларымен округ әкімдері бірлесе отырып ауыл тұрғындарына ауылшаруашылығы малдарын қараусыз қалдырмау туралы, қараусыз қалдырған жағдайда жауапкершік туралы түсіндіру жұмыстарын жандандыру туралы тапсырма берілді.
Аудан тұрғындарының назарына! Ауыл шарушылығы малдарының жаю тәртібі және ұйымдастырылуы туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында айқындалған. Қағидаға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай жылжуы, ал тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ұстау орнына дейін айдап өту (айдау) ауыл шаруашылығы жануарларының иелерінің немесе олардың уәкілетті адамдарының қадағалауымен жүзеге асырылуы тиіс. ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 408 бабына сәйкес, елдi мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу айыппұл салуға әкеп соғатындығын атап өткен жөн.