Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспар

Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспар

 «Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысымен «Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» бекітілді. Аудан бойынша «Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының» тізбесіне «Қалатас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және Тасқала ауданы әкімиятының (шаруашылық жүргізуге құқылы) «Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы» МКК енгізілді.

Үкімет қауылысын жүзеге асыру үшін Тасқала ауданы әкімімен 2021 жылғы 15 сәуірімен «Қалатас» ЖШС сату бойынша (Жол картасы) іс шаралар жоспары бекітілді.

«Қалатас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100% мемлекеттік қатыс үлесі кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беріледі. Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру тендері www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында электрондық форматта 2021 жылдың 17 масуым күні  өткізіледі.

         Бәсекелес ортаға беру бойынша барлық ақпарат www.gosreestr.kz сайтының Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында жарияланған.

 

Тасқала ауданының экономика және қаржы бөлімі