
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Бәйтерек және Тасқала аудандарының біріктірілген бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеуді жүргізеді.
Ауданның орта және арнаулы орта оқу орындарының 17-21 жас аралығындағы түлектеріне тегін негізде жоғары әскери білім алу мүмкіндігі беріледі. Жоғарғы оқу орындарына түсу үшін өту балды құрайды.қазіргі уақытта Қазақстанда әскери мамандарды даярлауды жүзеге асыратын үш жоғарғы әскери оқу орны жұмыс істейді, әскери мамандарды «Бакалавр» бағдарламасы даярлайды.
Оқуға қабылдау ережелері:
1. Әскери мамандықты таңдаған түлек 30 сәуірге дейін тегін, атын және әкесінің атын, туған күнін, білім деңгейін, әскери оқу орнының және ол бойынша оқуға ниет білдірген мамандықтың атауын көрсете отырып, жергілікті әскери басқару органдарына өтініш береді;
2. Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау 20-26 шілде аралығында өтеді. Әскери білім мекемесін таңдаған түлек ең әуелі ҰБТ қорытындысын апарады. Әскери институттардың талабы – тестілеудің балы жоғары болуы тиіс.
Қосымша ақпарат алу үшін осы мекен-жайға хабарласыңыз: Бәйтерек және Тасқала аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі, Переметный ауылы, Жеңіс көшесі 81 тел. 8711-22-583,22-669.