1)ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
2)300-ден астам оқушысы бар мектептерде сыныптарды 15 баладан асырмай жинақтауды сақтай отырып, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 сыныпқа дейін 9, 11 сыныптарын қоса алғанда оқытылсын. Қалған сыныптарға қашықтықтан оқыту ұйымдастырылсын;
3) шаштараздар, сұлулық салондары барлық қызмет түрлері (алдын ала жазылу бойынша) сағат 10:00 ден 18:00 ге дейін;
4) азық-түлік базарлары, азық-түлік емес базарлар сағат 10:00 ден 18:00 ге дейін жүргізілуі тиіс, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қаулысының (бұдан әрі – ҚР МБСД №67) талаптарын сақтай отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысы тоқтатылсын;
5)азық-түлік дүкендері (азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда тек өлшеп-оралған түрде жүргізілуі тиіс), сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып;
6)қоғамдық тамақтану объектілеріне ҚР МБСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 10:00 ден 22:00 ге дейін (толтырылуын 50%-дан асырмай, 50 орыннан артық емес, үстелдер арасында 2 метрден кем емес арақашықтықты сақтауды қамтамасыз ету, бір үстелге отырушылар саны 4 адамнан аспауы тиіс, ұжымдық, салтанатты отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізбей);
7)жеткізу және шығару жолымен қызметті жүзеге асыратын қоғамдық тамақтандыру нысандары ҚР МБСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 10:00 ден 22:00 ге дейін;
8)сауда үйлері мен азық-түлік емес дүкендер (барлық бағыттар), оларда орналасқан азық-түлік дүкендерімен дәріханаларды, сұлулық салондарын қоспағанда, жұмыс кестесі сағат 10:00 ден 19:00 ге дейін, жексенбі күндері жұмысы тоқтатылсын;
9)діни нысандарда бұқаралық іс шараларды (жұма намазы, діни жоралғылар және т.б.) өткізуге тыйым салу;
10)коронавирустық инфекцияның профилактикасына бағытталған және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80%-ын (адам саны 15 және одан жоғары) және мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 50%-ын (қызметкерлер саны 10-нан 15-ке дейін болған кезде), мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 30%-ын (қызметкерлер саны 10-нан аз болған кезде) "қашықтықтан" жұмыс нысанына ауыстыруды, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кемінде 50%-ын "қашықтықтан" жұмыс нысанына ауыстыруды ұсынамыз;
"Қашықтықтан" жұмыс түріне бірінші кезекте 50 және одан жоғары жастағы қызметкерлерді ауыстыру, жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференциялар тек селекторлық режимде және бейнеконференц байланыс арқылы өткізіп оффлайн режимде өткізбей;