Шектеу шаралары

Шектеу шаралары

Коронавирус инфекциясына шалдыққандар санының артуына байланысты еліміздің кейбір өңірлерінде шектеу шаралары күшейтілуде. Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 16 қазанындағы №31-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» қаулысына сәйкес облыс аумағында шектеу шаралары қатаңдатылды. Аудан аумағында аталған қаулымен белгіленген шектеу шараларын қамтамасыз ету мақсатында 9 мониторингтік топ жұмыс жасауда. Мониторингтік топтармен бүгінгі күнге 11 шектеу шаралын бұзу фактісі тіркеліп отыр. Олардың ішіндегі 9 факті бойынша әкімшілік айыппұл салынса, 2 факті бойынша істер қаралуда. Айыппұлдар жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбай қызмет көрсеткендері және отбасылық көпшілік іс-шаралар өткізгендігі үшін салынды. Қаралып жатырған істерде осы талаптардың орындалмауы бойынша.

Ауданымыздың кейбір азаматтары санитарлық талаптарды елемей, көпшілік іс-шараларға қатысып ауруға шалдыққандары дәлелденді. Жалпы ауданы бойынша 27 қазан күніне коронавирус инфекциясына 10 адам шалдыққан, олардың 6 аурудың айқын белгілерімен, 4 адам белгілерсіз.