Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады.​
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
- жасы 35-тен аспауы,
- жоғары білімінің болуы,
- бес жылдан кем емес еңбек өтілі;
- қазақ тілін меңгеруі В1 деңгейінен төмен емес болуы.
Іріктеуге Президент тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері мен бұған дейін резервке алынған азаматтар қатыса алмайды.
Іріктеу 6 кезеңнен тұрады:
1. Құжат қабылдау - 1 маусымнан бастап арнайы онлайн платформада (1 ай көлемінде);
2. Тест тапсырмалары - мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті (тамыз айының 2-3 және 9-10 күндері);
3. Ситуациялық эссе жазу - нақты мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар (16-17 тамыз);
4. Құзыреттерді бағалау - ассессмент-орталық және HR-сұхбат (22 тамыз - 28 қыркүйек аралығы);
5. Сараптамалық комиссиямен әңгімелесу - 8–15 қазан;
6. Ұлттық комиссияның шешімі - үздік 50 кандидат қазан айының соңына дейін резервке қабылданады.
Қатысуға өтінімді pkrezerv.gov.kz сайтында 1 – 30 маусым аралығында беруге болады.
Анықтама телефондары: 8(7112) 50-92-82, 50-02-81.