Шежін ауылдық округі бойынша 2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар
- Ауылымызда ауылішілік жол салынуда.
- «Жеңіс аллеясы» ағымдағы жөндеуден өткізіліп, ауылдың демалыс орындарындағы орындықтарға, қоршауларға сырлау жұмыстары жүргізілді.
- Ауылымыздың 1995 жылғы мектеп түлектері ауыл жанындағы баққа жазғы демалыс орнын (беседка) жасады.
- Ауыл көшелеріндегі істен шыққан жарық шамдары жаңасына ауыстырылды.
- Бүгінгі күнге округ бойынша 380 түптің айналасында көшеттер мен гүлдер және 0,3 гектарға жуық көкөніс егілді.
- Мектеп ауласындағы спорт алаңының жұмыстары толықтай аяқталып, пайдалануға берілді.
- Жыл сайынғы ауыл тыныштығы мен ел амандығы үшін берілетін тасаттық садақасы биылғы жылы да дәстүрлі түрде берілді.
- 2005 жылғы түлектердің демеушілігімен мектеп ауласына екі әткеншек қойылды.
- Мал өлекселерін салатын мал қорымы салынуда.
- Еменжар елді мекеніне газ тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.