2020 жылдың 1 тамыз айына
Тасқала ауданы бюджетінің игерілуі бойынша ақпарат
Ауданның жылдық бюджет көлемі 10 071 395,0 мың теңге. Есепті кезеңге жоспар 4 139 758,0 мың теңгені немесе жылдық жоспардың 41,1% - ын құрайды. Бюджеттің орындалуы 1 тамызға 4 043 302,7 мың теңгені немесе 97,7% - ын және жылдық жоспардың 40,1% - ын құрады. Бюджет қаражатының игерілмеуі 96 455,4 мың теңге сомасында қалыптасты, оның ішінде:
РБ трансферттері және бюджеттік кредиттер – 19 146,3 мың теңге:
9 995,8 мың теңге Ауыл ел бесігі - Жасыбаев... жобасы бойынша көшелерді күрделі жөндеу жұмыстары - жұмыс кестесінен қалыс қалуына байланысты аз сомаға орындалған жұмыстар актісін ұсынуы;
3161,9 мың теңге - ТЖ кезінде халықтың коммуналдық төлемдерін өтеу бойынша жеке тұлғалардың қайталануына байланысты алушылардың азаюы;
2102,2 мың теңге - келесі айда игерілетін балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет бойынша ағымдағы үнемдеу;
517,2 мың теңге - әлеуметтік жұмыс орындарын төлеу бөлігіндегі қағидадағы өзгеріс;
208,0 мың теңге - балабақшаларда тәрбиешілердің біліктілік санатының болмауына байланысты үнемдеу;
198,1 мың теңге – еңбекке жарамсыздық парағы бойынша үнемдеу, қаржы қызметінің қалдықтары және мұғалімдерге қосымша ақы төлеу бойынша дөңгелектеу сомасы;
181,9 мың теңге – жас туристер станциясы педагогтарына қосымша төлемдер бойынша үнемдеу;
20,9 мың теңге – гигиеналық құралдар бойынша мемлекеттік сатып алудан үнемдеу;
0,8 мың теңге – гранттар бойынша қалдықтарды дөңгелектеу сомасы;
2759,5 мың теңге - тұрғын үй құнының аздығына байланысты бюджеттік кредиттер бойынша үнемдеу сомасы.
ОБ трансферттері – 7 098,4 мың теңге:
3291,6 мың теңге – Оян, Достық және Мерей мектептерінде ішкі санитарлық тораптарды орнату бойынша ескертулерге байланысты;
2760,3 мың теңге – кадрларды қайта даярлау және жұмыссыздарды оқыту бойынша оқу орындарының оқу мерзімдерін карантинге байланысты ауыстыруы;
1045,7 мың теңге - Сәулет мектеп-лицейінде бейнебақылау жүйесін орнату бойынша ескертулерге байланысты;
0,8 мың теңге - гранттар бойынша дөңгелектеу сомасы.
Ауданның жергілікті бюджет қаражаты 70 210,7 мың теңге:
16 310,4 мың теңге - аудан мектептерінің негізгі қызметкерлерінің демалыстарына байланысты жалақы, емдік жәрдемақылар және салықтар бойынша қалдықтар;
12 142,2 мың теңге - арнайы техниканы сатып алу - карантинге байланысты жеткізудің болмауы (шекарада кідіріс), өнім беруші сотқа берілді;
2 500,0 мың теңге - мемлекеттік сатып алудағы арнайы тәртіп бойынша қызметтік тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік жоқ, техникалық қолдауға сұраныстар жіберілді, мемлекеттік сатып алу комитетіне хат дайындалуда;
1 200,0 мың теңге – әкімдік ғимаратының 1 қабатын жөндеу бойынша жұмыс кестесінен артта қалу;
1 080,5 мың теңге - ТҮКШ бөлімі бойынша жеткізуші 51 иесіз объектіге жер актілерін уақытылы дайындаған жоқ;
8 123,2 мың теңге - мектептерде жиһаз сатып алу және бейнекамералар орнату бойынша өтпеген конкурстар, қайта конкурс жарияланды;
3 830,6 мың теңге – ауылдық округтерді абаттандыру бойынша конкурстық рәсімдердің кеш өтуі;
4 638,0 мың теңге - Ішкі саясат бөлімінің мерзімді басылымдар және қоғамдық бірлестіктер бойынша Мммлекеттік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурстар;
1 087,3 мың теңге - дала өрттерінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар бойынша шарттардың жасаспауы;
1 747,0 мың теңге - карантинге байланысты шығыстар бойынша ағымдағы үнемдеу;
3 520,0 мың теңге - Амангелді, Мерей және Достық округтеріндегі спорт алаңдары мен саябақтардың қоршауларын жөндеу жұмыстары карантинге байланысты жұмыс кестесінен артта қалуы;
9 864,3 мың теңге – аудан әкімшілерінің шығыстарды дұрыс емес жоспарлауы;
2 664,0 мың теңге – мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлерінің жалақысы, еңбекке жарамсыздық парағының салықтары бойынша ағымдағы үнемдеу;
826,0 мың теңге – округтерде электр энергиясын тұтыну көлемінің азаюы;
524,0 мың теңге - аудан әкімдігіне телефония құралдарын сатып алу бойынша конкурс өтпеді;
91,0 мың теңге – Азалы ананың ескерткішін қайта жаңартуға ЖСҚ сараптамасы бойынша шарт жасалмағандықтан;
62,2 мың теңге - дөңгелектеу есебінен қалдық сомасы.