2023 жылғы 12 ақпанға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданының Шежін, Тасқала ауылдық округтері әкімдерін
сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
1)Шежін ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша Шежін ауылдық округі аумағының шекарасында- Шежін сайлау округі;
2) Тасқала ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша Тасқала ауылдық округі аумағының шекарасында- Тасқала сайлау округі.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы А.Нурмаков