Тасқала ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының бекіткен жоспарына сәйкес аудан әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Талғат Асқарұлының төрағалығымен кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудан әкімі жанындағы комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысына облыстық білім басқармасының басшысы Мыңбаева Айгүл Әділгерейқызы «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұштанова Гүлбаршын Мақсотқызы бейнебайланыс арқылы қатысты.

Комиссия отырысында аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Қасымованың білім беру ұйымдарындағы оқушылардың қауіпсіздігін арттыру жөніндегі шаралар туралы есебі және аудандық аурухана мен Тасқала колледжі басышыларының кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың алдын-алу бойынша алынған шаралары туралы баяндамалары тыңдалды.

Сонымен қатар, кәмелет жасқа толмаған балаларының сағат 23:00 ден 06:00 ге дейін заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жазаға тартылатындығы туралы түсінік жұмыстарын жүргізу бойынша аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы Э.Тапаловқа тапсырма берілді.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Талғат Асқарұлы облыстық білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева мен «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұштанова Гүлбаршын Мақсотқызына алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ жасөспірімдер мен оқушылардың қауіпсіздігін олардың құқықтарын қорғалуын жауапты мекемелердің ұдайы назарында болу қажеттігін айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Дата публикации
09 июня 2022