2021 жылдың 1 қыркүйегіне Атаулы әлеуметтік көмек 93 отбасындағы 425 адамға тағайындалса;
Атаулы әлеуметтік көмек алушы 53 отбасында 1 - 3 жас аралығында – 40 бала және 3 - 6 жас аралығындағы - 55 балаларына – 3383,0 мың теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді.
2020 жылғы 25 желтоқсандағы аудандық мәслихаттың «Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» №56-10 шешімімен бекітілген қағидаға сәйкес төленетін әлеуметтік төлемдер бойынша 2021 жылдың сегіз ай қорытындысымен 401 адамға 17534,7 әлеуметтік төлемдер төленсе,
Оның ішінде:
Үйден оқытылатын мүгедек балаларға арналған материалдық көмек 2021 жылдың сегіз айы қорытындысымен 8 балаға 515,8 мың теңге болса, 2021 жылдың 1 мамырына 8 балаға 245,0 мың теңгеге көрсетілді.
2021 жылдың 1 қыркүйек жағдайына Тасқала ауданы бойынша жалпы мүгедек саны 588 адам. Оның ішінде І топ мүгедегі – 79 адам, ІІ топ мүгедегі – 194 адам, ІІІ топ мүгедегі – 248 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 62 бала, 16 – 18 жас аралығында мүгедек бала саны – 5.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды медициналық оңалту бойынша айтатын болсақ, 2021 жылы 5 тірек – қимыл аппараты бұзылған мүгедектерді кресло – арбалармен, протездік-ортопедиялық құралдармен – 66, есту және көру қабілеттері нашар мүгедектерге 3 мүгедек сурдо және 37 мүгедек тифлотехникалық құралдармен, 68 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілуде. 42 мүгедек жеке көмекшімен қызметімен камтылып, қызмет көрсетілуде. Сонымен қатар, 36 мүгедек санаторий- курорттық оңалту емделуден өтуде.
Аудан бойынша 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі 37 адам жолықса, олардың барлығы да белсенді шаралармен қамтылды. Оның ішінде жұмысқа орналастырылғаны 15 адам, с.і. квота бойынша 1 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қызметтер порталында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және оңалтудың техникалық құралдарының (ОТҚ) 24 түрін ұсыну бойынша процестер іске қосылды. 2020 жылғы шілдеден бастап 2021 жылғы қаңтарға дейін кезең-кезеңімен ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің, санаторий-курорттық емдеудің қызметтері және ОТҚ-ның 31 түрін ұсыну бойынша қызметтер іске қосылатын болады.
Мұқтаж адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетуге бөлінген қаржы 89469,0 мың теңге, игерілгені 50072,6 мың теңге, орындалуы 55,9% құрайды.
Үйден арнаулы әлеуметтік қызметпен 174 адам қамтылды, с.і. қарттар -156 адам, мүгедектер – 4 адам, ТҚА бұзылған мүгедек балалар-6 адам, психон.ауыруы бар балалар - 5 адам, 18 жастан асқан психоневралогиялық ауыруы бар мүгедек-3 адам. Арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар саны 2020 жылды 2021 жылмен салыстырылғанда 24 адамға көбейді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама), Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асырылуда.
Бағдарламаның мақсаты: Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады.
Жоғарыда аталған бағдарламалар шеңберінде 1106 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланса, есепті мерзімге 1133адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып жоспар 102,4%- ды құрап отыр.
Бағдарлама аясында белсенді шараға тартылғандардың ішінде 383-і жастар санатынан. Оның ішінде:- жұмысқа орналастырылғаны -208;
Сонымен қатар, қылмыстық жазасын өтеп келгендердің ішінде пробация есебінде тұрғандардың ішінен жұмыспен қамту орталығына 10-ы жолықса,соның 9-ы белсенді шараға тартылды. (3-ы ақылы қоғамдық жұмысқа,1-уі әлеуметтік жұмыс орнына, 1-уі белгіленген квоталық орынға, 4- тұрақты жұмысқа орналастырылды).
Бұған қоса жолыққандардың ішінде мүмкіндігі шектеулі жұмысқа жарамды 24 азамат бар. Олардың ішінде: - жұмысқа орналастырылғаны -11;
- ақылы қоғамдық жұмыстарға – 12;
- әлеуметтік жұмыс орнына-1;
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының I-бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша 15 адамға 4,8 млн көлемінде қаражат облыстық бюджет есебінен қаражат бөлінді. Өңірлік комиссияның шешіміне сәйкес еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар (кондитер,шаштараз,тігінші, тракторист – машинисті, маникюр шебері) бойынша оқуға бүгінгі күнге барлығы 51 адам жолданды. Оқуға жолданғандардың ішінен 29 адам оқуларын аяқтап, сертификатқа ие болып, 11 адам жұмысқа жолданды. Ал, 18 адам жаңа бизнес идеяларды дамыту мақсатында қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болды.
Бағдарламаның ІІ-бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» шеңберінде ауданға 14 адамға 62,6 млн теңге қаражат бөлінді. Есепті күнге өз кәсібін ашу, дамыту үшін несие алуға ниет білдіруші азаматтардың ішінен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на, 18 жеке кәсіпкер, шаруа қожалық басшылары жолдама алды. Есепті күнге 9 адам мал шаруашылығын дамытуға 33,2 млн теңге көлемінде шағын несиеге қол жеткізді.
Сонымен қатар, жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттар беру мақсатында 82адамға 47,8 млн теңге көлемінде сонымен қатар, 25 адамға жергілікті бюджет есебінен 14585,0 млн қаражат бөлінді. Грант алуға ниет білдірушілердің басым бағыты тез өнім беретін бағыттардың бірі бау-бақша, жеміс - жидек ағаштарын өсіруге бағытталса, бұған қоса де құс шаруашылығын дамытуға ниеттенушілерде бар. Сонымен қатар, қызмет көрсету түрлері бойынша да ниет білдірушілердің жаңа тың идеяларда жоқ емес. Есепті күнге 102 адам 200 АЕК көлемінде (2-көп балалы, 4-аз қамтылған отбасыларға, 9-ресми тіркелген жұмыссыздар және 18-өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатындағы, 1-мүгедек) 59,5 млн.теңге қаражатқа қол жеткізді. Олар, мал және құс шаруашылығын дамытуға, жылыжай, бау-бақша, кондитерлік өнімдерін дайындау, диагностикалық жабдық және балаларға арналған ағаштан ойыншықтарды жасау бағыттарына.
Сондай ақ, «Бастау - Бизнес» жобасы аясында ағымдағы жылда кәсіпкерлік негіздеріне 75адамды 5 лекпен оқыту жоспарланды. Есепті күнге 91 адам жолданды.
- әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін 43 адамға 10,9 млн теңге қаражат бөлінді. Есепті күнге 22 жұмыс берушілермен келісім шарттар жасалып, 48 жұмыссыз азамат жұмысқа жолданып, жоспар 112%-ға орындалды.
- жастар тәжірибесін ұйымдастыру үшін 46 адамға барлығы 26,1 млн теңге қаражат бөлініп, есепті күнге өткен жылдан тәжірибеден өтуші 47 маман және ағымдағы жылдың басынан 41 маман жолданып, жоспар 89% -ға орындалды.
- ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру үшін 150 адамға 96,4 млн бөлінді, олар республикалық бюджет есебінен 90 адамға 64,8 млн және жергілікті бюджет есебінен 60 адамға 31,6 млн теңге қаражат қарастырылды. Есепті күнге 444 адам жолданып жоспар 296% -ға орындалды. Есепті кезеңге әр бағыт бойынша жоспарланған қаражат толықтай игерілді.
650 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, есепті мерзімге шағын және орта бизнес бастамалары бойынша523жаңа жұмыс орны құрылса, оның ішінде тұрақтысы -222жұмыс орындары, уақытшасы – 301 жұмыс орны, жоспар 80% -ға орындалды.
Барлық бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстары ұдайы жалғасын тауып отырады.
Бағдарламаны түсіндіру,жүзеге асыру бойынша әлеуметтік желілерде, БАҚ –да мақалалар жариялану жұмыстары ұдайы жүргізілуде.