Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Тасқала ауылдық округінде орналасқан мектептеп - гимназиялар

Тасқала ауылында 5 білім беру жүйесі жұмыс атқаруда, оның біреуі Бірлік елді мекенінде орналасқан.

1.«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Сәулет» мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаратылыстану – математика бағытында «Сәулет» мектеп-лицейі өз тарихын 2002 жылы  1 қыркүйегінен бастайды. Мектеп ғимараты – 300 орындық және 100 орындық интернаты бар.Мектеп  ұжымы алғашқы жылдардан  нәтижелілікпен  еңбек етіп келеді.Мектепке оқушылар 5-сыныптан қабылданады. 5-11 сыныптарда  279 оқушы білім алуда, барлығы 18 сынып-комплект. Оқыту қазақ тілінде, 1 аусымда жүргізіледі.Сыныптардың орташа мөлшері мектеп бойынша - 13,4. Білім сапасы 96 %. 2002-2023 жылдар аралығында мектептің 76 түлегі «Алтын белгі» және 28 түлегі «Үздік аттестат»  иегерлері атағына ие болды.

2.Батыс-Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Садық Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Мектеп  ғимараты 1962 жылы құрылған. Мектеп  ғимаратты типтік, екі қабатты, кірпіштен қаланған, көлемі 1445 шаршы метр. Жобалық қуаты - 320 орындық. Жұмыс реті: 2 ауысымда, қазіргі таңда 1-11 сыныпта 394 оқушы,  мектепалды даярлық сыныбында 53 оқушы білім алуда.Жалпы педагог  саны 49, кіші қызметкерлер саны 24. Оқыту тілі – қазақ тілі, орыс тілі. 49 мұғалім жоғары білімді, 1 – арнаулы орта білімді. Санаттары бойыша: педагог-шебер – 1, педагог-зерттеуші - 5, педагог-сарапшы - 12, педагог-модератор – 15, педагог – 4, І санатты – 1, санатсыз - 11   

3.Тасқала ауданы білім беру бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жадпы орта білім беретін мектебі

Мектеп 1968 жылы ашылды.  Жобалық қуаты 350 оқушыға арналған. Жұмыс реті: 2 ауысымда, қазіргі таңда 1-11 сыныпта 314 оқушы, мектепалды  сыныпта 33 оқушы білім алуда. Оқу жылының І жартыжылдық  қорытындысы бойынша  білім сапасы – 51%, озаттар  саны - 43, екпінділер саны – 100.Мектепте 56 мұғалім еңбек етуде, 54 педагог жоғары білімді, 2 педагог арнаулы орта білімді. Санаттары бойынша:Педагог-зерттеуші – 11,  педагог-сарапшы – 12, педагог-модератор – 13, жоғары санатты – 1, І санатты – 4, ІІ санатты – 1.

4.Тасқала аудандық білім бөлімі, Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

1999 жылы 1 қыркүйекте пайдалануға берілген. Мектептің жобалық қуаты 778 орын. Жалпы ауданы 3935 шаршы метр. Қажетті жиһаздармен жабдықталған 30 сынып бөлмесі(соның ішінде 8 бастауыш, 2 мектепалды даярлық, 2 шеберхана), 1 акт залы - 65 орындық, 18 орындық мектеп кітапханасы, 1 медициналық кабинет, 1 спорт зал - бәрі де жабдықталған, материалдық-техникалық базасы мүмкіндігінше жылдан-жылға нығайып, дамуда. Мектептің жанында газ жүйесімен жұмыс жасайтын жылу ғимараты орналасқан, орталық сумен қамту жүйесі де бар. 2019 жылы мектеп күрделі жөндеуден 155740000 теңгеге өтті. Мердігер- «Кварц-спецсервис» ЖШС.

5.Бірлік негізгі орта мектебі

1973 жыл құрылған.Қазіргі таңда 39 оқушы оқиды, 21 ұстазы бар кішігірім ұжым

Документы
Новости
Полезные материалы
Тасқала ауылдық округінде орналасқан мектептеп - гимназиялар
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы