
Ауыл шаруашылығы – халық шаруашылығының маңызды салаларының бірі, өйткені ол азық-түліктің негізгі өндірушісі болып табылады. Шежін халқының басты бағыты ауылшаруашылық малдарын ұстау және аулаларына шағын бақша егу. Ауылшаруашылық малдарынан алынатын сүт, айран, қаймақ, май, жұмыртқа өнімдерін, ауыл халқына сатып, өз өнімдерімізбен қамтамасыз етіп отырмыз. Әрбір тұрғын өз ауласында шағын бақша егіп, өз өнімін пайдалануда.
Жалпы Шежін ауылдық округінде қазіргі таңда халық саны 1105, 323 аула бар. Бүгінгі күнге жеке қосалқы шаруашылығы бар аула саны – 260, жеке қосалқы шаруашылығы жоқ аула саны – 63.
Ауылымызда 5 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі жұмыс жасауда. Екеуі ірі қара мал, екеуі ұсақ мал, біреуі жылқы бағытында.
2023 жылдың желтоқсан айына мал шаруашылығының басты көрсеткіштері бойынша есепте жалпы округ бойынша ірі қара мал 5405, ұсақ мал 10291, жылқы малы 3447, құстар 2151 дана.