
м
Жер қатынастары
Тасқала ауданының жер учаскесінің жалпы көлемі 148218,9 га. Соның ішінде ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері 111817,7 га, елдімекен жерлері 25412га, өнеркәсiп, көлiк, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер көлемі 3001 га, су қорының жерлері 272 га, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер 82 га, босалқы жер учаскелерінің көлемі 1543,1га. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 13 га жер учаскелерінің ішінде егістік жер учаскелері 13 га, тыңайған жер учаскелері 1543,1га тыңайған жер учаскелері, көпжылдық екпелер 12 га, шабындық жер учаскелері 33505,6 га, жайылым жер учаскелері 33505,6 га, басқа жер учаскелері 4305 га.
Аудан бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы жер пайдаланушылардың саны жалпы саны 50, соның ішінде 44 шаруа қожалығы, 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі, 1 ақционерлық қөғам.
Қазақстан Республикасының Премьер Министрінің орынбасары ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылығы 6 наурыздағы бекіткен 2017-2020 жылдарға арналған «Жол картасы» шеңберінде Тасқала ауданының 19 елдімекенінің (Тасқала, Ақтау, Ақкүтір, Қараой, Амангелді, Достық, Бастау, Оян, Атамекен, Қалмақшабын, Өркен, 2-Шежін, Қисықсай, Мереке, Мерей, Аққайнар, Айнабұлақ, Тоғайлы, Талдыбұлақ) әкімшілік шекараларын белгілеу мақсатында жерге орналастыру жобалары жасақталып, Тасқала ауданының кейбір елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы Тасқала ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 227 және Тасқала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 51-5 бірлескен қаулысы мен шешімі қабылданды.