
Қазақстан ауылдық округінің 2023 жылғы даму қорытындысы
2023 жылдың аяғында 3 гетар картоп (оның 1 гектары ұжымдық бақша) 1 гектар алқапқа көкөніс,1 гектар алқапқа бақша және бақша дақылдары егілді.
Мал азығы дақылдарының жалпы егілгені 8258 гектар, соның ішінде, егілген біржылдық судан шөбі 2455 гектар, егілген көпжылдық шөптер 1875 гектар, сүрлемге арналған құмай судан гибриді 375 гектар және бұрынан егілген көпжылдық шөптері 3553 гектар.
2022 жылы аудан бойынша 107 гектар картоп (соның ішіндегі ұжымдық бақша 42 гектар), көкөніс 115 гектар және бақша дақылдары 30 гектар егілді.
Аудан шаруашылықтарына көктемгі далалық жұмыстарын ұйымдастыруға арзандатылған 950 тонна арзандатылған жанар - жағар май бөлінді, 1 литр жанармайдың бағасы 184 тенге, анықталған оператор «Архар Бизнес» ЖШС-гі.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Жасыл белдеу» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Осы жобаның аясында 2022 жылы Тасқала ауданы бойынша егілуі жоспарланған алқаптар қосымша 12 гектарға ұлғайтылуы жоспарлануда, соның ішіндегі картоп – 7 гектар («Киреев» ШҚ – 3 га, ұжымдық бақшада -4 га.), пияз – 5 гектар («Шевченко» ШҚ – 0,5 га, ұжымдық бақшада -4,5 га). Ұжымдық бақша еккен картоптың жалпы егіс көлемі 42 гектарды құрады, қатысқан жанұя саны 520.
«Менің аулам-менің бағым» жобасының 2 бағыты бойынша аудан аумағында 2022 жылы отырғызылатын жеміс- жидек ағаштарының жоспары 9615 түп, соның ішіндегі алма ағаш 2925 түп, өрік -150 түп, таңқурай 3235 түп, жеміс-жидектердің басқа түрлері 3305 түп. Бүгінгі кезде нақты отырғызылғаны 6172 терек түбі (64%), осы бағытта жұмыстар күзге дейн жалғасуы жоспарлануда.
Мал шаруашылығы
Мал басы. 2022 жылдың 1 шілде жағдайына аудан бойынша ірі қара мал – 40,8 мың бас (107,4%), қой мен ешкі – 98,5 мың бас (108,3%), жылқы – 16,8 мың бас (104,9 %), құс – 46,8 мың басты (94,8 %) құрады.
Өнім. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 2563,5 тонна (102%) ет (тірілей салмақта), 7675,0 тонна (100,8%) сүт, 2009 мың дана (100,1%) жұмыртқа, 114,6 тонна (101,9%) жүн өндірілді.
НКИ. 2022 жылдың 1 шілде жағдайына ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы –4169,6 млн. теңгені құрады (мал шаруашылығы өнімдері – 4164,6 млн.теңге, т.б. -5,0 млн. теңге). Нақты көлем индексі 101,8 %-ды құрады.
Кооперативтер. Тасқала ауданында жалпы 25 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі тіркелген. Жалпы мүшелер саны - 538 малдың саны 2197 ІҚМ (аудан бойынша жалпы ІҚМ басының 5,4%-ы), 1505 ҰҚМ (жалпы ҰҚМ басының 1,5 %-ы) және 116 бас жылқы(жалпы жылқы басының 0,7%-ы).
Субсидиялар. Мал шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді. Мемлекет барлық қолдау шараларын көрсетіп жатыр. Соның ішінде «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау» ережесі бойынша аудан агроқұрылымдары 2022 жылдың 6 айында жалпы 244 млн. 379 мың 400 теңге субсидия төленді субсидияланды.
Ауыл шаруашылығы саласының негізгі саласына тартылған инвестициялар. 2022 жылдың 1 шілде жағдайына АӨК-не қажетті техника мен құрал-жабдықтарды сатып алу арқылы ауыл шаруашылығы саласына 288,2 млн. теңге инвестициялық салымдар тартылды.
Экономиканың барлық салаларында 3 жаңа жұмыс орны ашылды. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 жұмыс орнына көп. 2023 жылы жұмыссыздар саны 31 адамды құрады. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 59 адамды құрады. Кедейлік шегінен тыс өмір сүретіндердің саны 4\17 адам 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 адамға аз, бұл АӘК жаңа форматын енгізуге байланысты.
Барлық қаржыландыру көздерінен 256,3 мың.теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 10 адамға 150,0 мың. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 98 адам жіберілді, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 42 адамға көп.
Бюджетке 7468,1 мың.теңге сомасында меншіктік кірістер жиналды. Салықтық түсімдер 4723,0 мың.теңге сомасында (болжамға 202%) жиналды. Салықтар мен төлемдердің қосымша түрлерін беру жолымен бюджеттің IV деңгейінің кіріс базасын кеңейту- 2023 жылы бірыңғай жер салығы, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер сияқты қосымша салық түрлерінің түсімдері болды.
Ауылда 2 денсаулық сақтау нысаны жұмыс жасап тұр. Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі 1 аудандық ауруханадан тұрады, оның құрамына, 1 ФАП,1 медициналық пункт кіреді.
Ауылда 1 білім беру нысаны жасап тұр (196 оқушы), оның ішінде 1 мектеп (112 оқушы), с.і. 1 Шағын орталық тобы 16 бала,балабақша 55 бала, мектепке дейінгі- 14 бала
2021 жылы ауданда 2 қылмыс тіркелген, бұл 2020 жылғы деңгейден 100% төмен (2020 ж. - 0)