Қазақстан ауылдық округінің білім саласы
Округте мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің үздіксіз және қолжетімді болу үшін барлық жағдай жасалған. Білім беру желісінде Ауылда 1 білім беру нысаны жасап тұр (196 оқушы), оның ішінде 1 мектеп (112 оқушы), с.і. 1 Шағын орталық тобы 16 бала,балабақша 55 бала, мектепке дейінгі- 14 бала
2019-2021 жылы Атамекен ЖОББМББ кешені атындағы жалпы білім беретін орта метептеріне «Ауыл - Ел бесігі» бағдаламасы аясында 247,0 млн тенге қаражат бөлініп күрделі жөндеуден өтті.
2021-2022 оқу жылын 8 оқушы бастады (2022-2023 о.ж. – 6). Жаңартылған білім беру мазмұнына өту жұмысы аяқталуда. Білім сапасы 67% құрайды. 2022-2023оқу жылында 9 сыныпты 10 оқушы бітірді, 6 түлек жоғары және арнаулы орта білім беретін ұйымдарына түсу үшін мемлекеттік грант иегерлері атанды.
Барлық мектептерде ыстық тамақтандыру ұйымдастырылған. Әлеуметтік қорғауды қажет ететін отбасылардың балалары толығымен ыстық тамақпен тегін қамтылды. Оған қоса жергілікті бюджет арқылы 1-4 сынып оқушылары да тегін ыстық тамақпен қамтылды. Жалпы тегін ыстық тамақпен қамту пайызы 78% құрайды.
Мектеп оқушылары толығымен тегін оқулықтармен қамтылды. Жыл сайын жергілікті бюджеттен оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар сатып алу үшін қаражат бөлінеді. 2023 жылы оқулықтар алуға 84,1 млн тенге бөлінді.
Қосымша білім беретін ұйымдар қатарында Мектептен тыс жұмыс орталығы, Жас туристер станциясы, Балалар саз мектебі бар. Үшеуіде аудан орталығында орналасқан, айтқанымен, ауылдық мектептерде филиалдары мен үйірмелері жұмыс істеуде. Мектепте аспаптар оркестрі.
Ауылымызда робототехника жақсы дамыған. Робототехника үйірмелерге қатысатын оқушылар республикалық, халықаралық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр.
Білім ұйымдары толық педагог кадрлармен қамтылған және жыл сайын жас мамандармен толықтырылады. Ауыл мектепте 33 педагог жұмыс істейді, солардың 33 – жоғары білімді. Жоғары санатты педагог саны – 6,1 санатты – 12, сапалық құрамы – 55,7%.
2018-2019 оқу жылынан бастап үштілді оқытуға көшу басталды: оқып келген 22 педагог жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде береді.
Ерекше білімді қажет ететін балаларға аса назар аударылып тұрады. Осы санаттағы балаларға ауданда Педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті, Барлық мектептерде логопед және дефектолог штаттық бірліктері енгізілді. Барлық білім беру ұйымдар ерекше білімді қажет ететін балаларға қолжетімді білім алуға жағдай жасалуда: пандустар, кедергісіз аймақтар, арнайы белгілер және т.б.
Ақпараттандыру және цифрландыру жұмысы жүргізілуде. Барлық мектептер компьютерлермен қамтылған, 1 компьютерге 3 оқушыдан келеді. 17 мектеп кеңжолақты интернет желісіне қосылған. 1 орта мектеп жаңа модификациядағы кабинеттерімен қамтылған, 1 шағынкомплектілі мектептеке 2018 жылы 1 «Білім бук» комплектілер алынды, мектепте электрондық журнал жүргізіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылы аудан орталығының 1 бөбекжайы "CUSTOM SOLUTIONS CENTER" ЖШС-мен шартқа отырып «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін кезекке қою», ал аудан орталығының 1 мектебі «IT Group» АҚ шартқа отырып «Мектепке қабылдау» мемлекеттік қызметтерді автоматты түрде көрсетті.