ТЕХНИКАНЫҢ ТАРЛАНБОЗЫНА ҚҰРМЕТ

ТЕХНИКАНЫҢ ТАРЛАНБОЗЫНА ҚҰРМЕТ
ТЕХНИКАНЫҢ ТАРЛАНБОЗЫНА ҚҰРМЕТ
Айғали Ессұлтановтың ғұмырнамасындағы еңбек кітапшасында тек бір ғана жазу 37 жыл механизаторлықты меңгергендік деген жазу жазылған
Міне, дала перзентінің еңбекке құштарлығы, табан аудармастан еңбек етуі осыдан-ақ көрінеді.
Еңбек майталманы бүгінде мерейлі 85 жасқа толды
Осыған орай Айғали ағаны мерейлі жасымен құттықтаған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев аудан әкімі Жұмагелді Батырниязовтың атынан жазылған арнайы құттықтау хатты, сый-сияпатты салтанатты түрде табыс етіп, ардагердің өңіріне Сырым ауданының « Құрметті ардагері» төсбелгісін қадады.
Майталман механизатор Айғали Ессұлтанов өзіне көрсетілген құрмет үшін аталық ақ алғысын айтып, батасын берді.
Шынар Яудақызы