
Аудан әкімі Т.Төреғалиев, Талдыбұлақ және Елтай ауылдық округтерінің әкімдеріне сайлау тағайындалуына байланысты ауылдық округ әкімінің үміткерлерін ұсыну мақсатымен Талдыбұлақ және Елтай ауылдық окрутерінде болып, жергілікті қоғамдастықпен кездесті. Аудан басшысы күн тәртібіндегі мәселе бойынша Талдыбұлақ ауылдық округі әкіміне үміткерлер ретінде Галимов Ерлан Әнуарбекұлын, Танзенов Данял Жұпмағамбетұлын және Хасанов Мейірбек Мәлікұлын, ал Елтай ауылдық округі әкіміне үміткерлер ретінде Байров Рашид Серікұлын, Ишанғалиев Қайрат Ерболатұлын және Құспанов Ержан Көпжанұлын ұсынып, өмірбаяндарымен таныстырды. Жергілікті қоғамдастық мүшелері үміткерлерді қолдайтындарын айтып, Талдыбұлақ және Елтай ауылдық округтерінің әкіміне үміткер азаматтар ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде өтетін сайлауға түсетін болды.