ПРЕЗИДЕНТ АТЫНАН АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

ПРЕЗИДЕНТ АТЫНАН АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ
ПРЕЗИДЕНТ АТЫНАН АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ
Қасиетті жұма 14 -наурыз күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан облыс орталығындағы «Балзия» мейрамханасында ауызашар ұйымдастырылды.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысқан аталмыш жиынға бас имам, облыс орталығы мен аудандардан көп балалы аналар, ардагерлер , жеке кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Облыс әкімі Н.Төреғалиев ауызашарға жиналғандарды қасиетті Рамазан айы, көрісу айт мерекесімен құттықтап, ауызбірлік, ынтымақта болып, айттан айтқа аман-есен жете беруге ақ тілегін арнады.
Ауызашарда барша мұсылман ағайындар бірімен-бірі құшақ жая амандасып, ақ дастарханнан дәм татып, ақжарма тілектерін арнап жатты.
Сырым аудандық ардагерлер кеңесі