Бүгін Рамазан қария 95 жасқа толуда. Ол 1930 жылы Сарой топырағында көп балалы отбасында дүниеге келген.
Рамазан бала күнінен жасынан еңбекке араласты. Әкесі төсек тартып қалғандықтан, үй тірлігі өзіне қалып, қол жұмыстарын жасады, ауыр техникаларды жүргізіп үйренді.
Рамазанның бала күні сұм соғыспен тұспа - тұс келді. Әкелер, ағалар майданға аттанып, елде тірек болып Рамазандай еркеккіндік балалар қалып еді.
Бала өсті. Жігіт Рамазан 1950 жылы әскер қатарына алынып, Астрахань қаласында Отан алдындағы борышын өтеп 1954 жылдың қараша айында елге оралды. Қолына құрық алып, жылқышы болды. .
1954 жылы Гания анамызбен отау құрды. Кейінгі жылдары “Казсельхозтехника” мекемесінде трактор жөндеуші, ұста болып қызмет етті.
Рамазан Рахметов - еңбекпен шыңдалған адам.
Қарияны туған күнімен құттықтаушылар қатарында аудандық мәслихаттың төрағасы Шынар Дүйсенғалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев, “Amanat” партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасы Талғат Дарғожиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тимур Құбаев бар.
Жұмагелді мырза кейін “БІР ЖАСЫҢМЕН!” атты шараға қатысты.