Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және “Сырым жастары” жастар ұйымының белсенділері Жымпиты ауылында ақылы қоғамдық қызметте жүрген ауылдастарға ыстық шәй, тәттілер ұсыныпты.
Олар кеңседе емес, сыртта жүреді. Қалам қағаз емес, күрек, сом темір ұстап еңбек етеді. Олар жастар ілтипатпен ұсынған шәйға бойларын жылытып алып қайтадан тың қуатпен жұмыстарына кірісіпті.
Айта кетейік, Жымпиты ауылдық округінде қазіргі таңда 9 адам ақылы қоғамдық қызметте жүр. Олар қыстың суығын қарамай саптан табылып, ауылдың тазалығына үлес қосуда.
Егер Сіз жолыңыздың қарын аршып, мұзын ойып жатқан еңбек адамын көрсеңіз, ілтипат қылып өтіңіз.