"АРМЫСЫҢДАР, АУҒАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР!"

"АРМЫСЫҢДАР, АУҒАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР!"
"АРМЫСЫҢДАР, АУҒАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР!"
Қособа ауылында осындай атаумен ауған ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Іс-шараны Қособа ауылдық клубы мен Қособа, Жырақұдық ауылдық кітапханалары және ЖББ Қособа орта мектебі балабақша кешені ұжымдары ұйымдастырды.
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай жерлесіміз, жауынгер-интернационалист, ауған соғысының ардагері Аяпберген Төлепбергенұлымен "Армысыздар, ауғандық жауынгерлер! " атты сыр-сұхбат өткізді. Ауған соғысы жайында түсірілген бейне фильм көрсетілді.
Аудандық мәслихат депутаты Жеңіс Шапешов және Қособа ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Н.Сейтеков, Қособа орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі С.Бөпениязов, учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Қ.Ғабдуллин жауынгер-интернационалист Аяпберген Төлепбергенұлын айтулы мерекесімен құттықтады.
Оқырмандар кеш иесіне өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жауынгер ағамыздың зұлмат соғыстың қасіреті туралы түсініктерін алды.
Кітапхана оқырмандары А.Қаспай "Жауынгер хаты", З.Тыныштық "Ұрпаққа аманат", Ж.Жұма "Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер" атты әдеби-монтаждарын ұсынып, М. Юнус "Жеңіс, жеңіс ғаламат күн" әнін орындап берді.
Кітапханашы Д.Бекчурина "Ауғанның от-жалыны" атты кітап көрмесіне шолу жасады. Шара соңында ауған соғысының ардагері Аяпберген Төлепбергенұлына ауыл әкімі құттықтау хаты мен шағын дәм дастарханы ұсынылды.
Қособа ауылдық кітапханасы