САРОЙЛЫҚТАР ӘКІМДЕРГЕ БЕК РИЗА
Сарой ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Садырбек Мырзағалиев 2024 жылы атқарылған жұмыстар және 2025 жылы алда тұрған жоспарлар бойынша халық алдында есеп берді.
Есеп беру жиналысына аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов және бөлім басшыларымен мекеме қызметкерлері қатысты.
Әдеттегідей әкім баяндамасынан соң, сөз тізгіні халыққа ұсынылды. Шағырлыой ауылының тұрғындары әкімдермен бөлім басшыларына атқарылған жұмыстары үшін өз ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді.
Жиын барысында аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов Шағырлыой ауылының спорт майталманы, 63 жасқа толып отырған Ереш Бисенғалиевке спорт саласына қосқан үлесі үшін “Кеңесші” Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт ардагерлері бірлестігінің дайындаған “Үздік спорт қызметкері” төсбелгісімен марапаттады.
Жұмагелді Жолдыбайұлы кездесу соңында ауылдағы салынып жатырған құрылыс жұмыстарымен және шаруагерлердің тыныс тіршілігімен танысты.