АЛҒАБАСТАҒЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

АЛҒАБАСТАҒЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
АЛҒАБАСТАҒЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
Бүгін аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов және Алғабас ауылдық округінің әкімі Өркен Аменов округ бойынша 2024 жылдың II жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы сонымен қатар алда тұрған жоспарлар жөнінде Алғабас ауылының тұрғындарымен кездесті.
Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Шынар Дүйсенғалиева, аудандық мансап орталығының директоры Сәбит Өмірзақов, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Амангелді Мекин, аудандық ветеринарлық инспекция басшысы Равиль Темірболатов, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Саламат Иманғалиев қатысып атқарылған жұмыстары жөнінде баяндама жасады.
Кездесуге қатысқан бөлім басшылары мен аудан әкімі тұрғындардың ауылдағы жарықтың жиі сөнуі, тас жол бойындағы малдардың жайылымы, кәсіп бастауға ниет білдірген азаматтар үшін жеңілдетілген, тиімді несиемен гранттар және “Ауыл аманаты” бағдарламасы секілді ауылды көркейту бағытындағы түрлі сауалдарға жауап беріп түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиынға қатысушы өкілдер тұрғындарды отырыс соңында жеке мәселелері бойынша қабылдады.