АҚЖОЛТАЙ ЖЫМПИТЫДА АУЫЗ СУ 24 САҒАТ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

АҚЖОЛТАЙ ЖЫМПИТЫДА АУЫЗ СУ 24 САҒАТ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ
АҚЖОЛТАЙ
ЖЫМПИТЫДА АУЫЗ СУ 24 САҒАТ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ
Осыдан 4 жыл бұрын Сырым ауданы Кеңашы жер асты су кен орынынан шыққан ауыз су желісіне қосылды.
77 шақырымдық магистральді су құбыры арқылы келген тіршілік нәрі әрі қарай 7 елді мекенге қарай тарайды. Бұл 10 000 адамның игілігі деген сөз.
Ақпан айының 1 жұлдызынан бастап бастап Жымпиты және Өлеңті ауылдарына су беру 24 сағаттық режимге ауысты.
- Кеңашы су кен орынынан су тасымалдау жүйесі “Сырым” коммуналдық мекемесінің меншігіне қабылданды. Сондықтан, алғашқы ауылдарға су тәулік бойы беріле бастады. Жұмыс жалғасады. - деді су шаруашылығына жауапты мекеменің директоры Тұрарбек Нұрғалиев.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы