Дәнекерлеушіге арналған мына мүсін Мәскеу қаласы, Гиляровский көшесінде тұр екен.
Осы көшеде 80 жылдық тарихы бар трест орналасқан. Сөйтсе, кәсіпорын 1982 жылы ұзындығы 4451 шақырым болатын газ желісін жүргізген. Үш қаланы өркениет желісіне қосқан алтын қолды шеберлерге осындай мүсін қойылыпты.
2025 жыл - “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жарияланды. Бір кезек қала мен аудандардың көшелеріне малшының, механизатордың мүсіндерін қойса қалай болады?! Жас өскін нағыз еңбеккерлерді таныр ма деген ой. Әйтпесе, бүгінгі буын блогер болудан артық бақыт жоқ деп ойлап жүр.
Қай мамандық иесі осындай құрметке лайық деп ойлайсыз?!