Әлемдегі барлық елдерде жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісі сайлау органдарының кәсіби мерекесі - Дүниежүзілік сайлау күні ретінде аталып өтіледі, яғни сайлау жүйесі мерекесінің бастау алғанына биыл 20 жыл толып отыр.Жыл сайын аталған күні аудан көлемінде әртүрлі көпшілік шаралар өткізіліп келеді. Сондай шаралардың бірі дүниежүзілік сайлау күніне орай және ұлттық спортты қолдау мақсатында аудандық сайлау комиссиясы мен аудандық «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен қазақтың ұлттық спорт түрлері – асық ату (бес асық), садақ ату, арқан тартудан аудандық жарысы өтті.Жарысқа 10 команда қатысты. Барлық сайыс түрлерінде командалар белсенділік танытып, жақсы ойын көрсетті. Әсіресе, арқан тарту ерекше тартысқа толы болды.
Жарыс нәтижесінде:
1-орын – Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі командасы;
2-орын – Сырым мектеп лицейі командасы;
3-орын - Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектебі командасы жеңіске жетті.
Жеке номинацияларда:
Ерлер арасында дәстүрлі садақ атудан «Үздік сұрмерген» - Лукпанов Мұрат (Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектебі командасы) және әйелдер арасында дәстүрлі садақ атудан «Үздік сұрмерген» Жолсарина Закира(Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектебі командасы) марапатталды.
Ерлер арасында асық атудан «Үздік сұрмерген» - Нығмет Әсет (балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі командасы) және әйелдер арасында бес асықтан «Үздік ойыншы» - Кабесова Сұлушаш (Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебі командасы) марапатталды.
Жеңімпаздарға диплом, кубок және ақшалай сыйлық табысталды.