САЙЛАУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЙТСЕК АРТТЫРАМЫЗ?!

САЙЛАУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЙТСЕК АРТТЫРАМЫЗ?!

Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аудандағы қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріменсайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша дөңгелек үстелі өтті. Комиссия төрағасы Мейірбек Хасанов 2024 жылы өткізілген сайлаулар туралы баяндай келе, қатысушыларға тақырып аясында еркін пікір алмасуға шақырды.

«Жария» тәуелсіз байқаушыларының Батыс Қазақстандық қозғалысы» жергілікті қоғамдық бірлестігінің Сырым ауданындағы өкілі  Асылбек Сержан ауыл әкіміне кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын жеңілдетуді, учаскелік сайлау комиссияларының құрамынқалыптастырудақоғамдық бірлестіктерінен де комиссия мүшелігіне алуды ұсынды.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің өкілі Мүсірбек Айташев аудандық басылымда «Сайлау тынысы» айдарын ашып, онда жылына кемінде екі рет аға буын және жас сайлаушылардың, байқаушылардың мақалаларын шығаруды ұсынды. 

«Сырым жауһарлары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мәншүк Бахитова: «Сайлаушылардың дауыс беру процесіне қатысуының төмен болуының бірден бір себебі -  халық қалаулылары мен ауыл әкімдері  сайланғаннан кейін әрі қарай жұмыстары тоқтап қалады. Сайланған соң әкім де, депутат та сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асырып, халықпен тығыз байланыста жұмыстанулары керек. Сонда халықтың да сенімі артып, кейінгі сайлауларда электораттың қатысу белсенділігі жоғары болады деп ойлаймын» -дейді.

«AMANAT» партиясының Сырым аудандағы филиалының төрағасы Талғат Даргужиев мәслихат депутаттарының қызметі негізгі жұмысынан тыс, ақы төленбейтін қосымша қоғамдық жұмыс болуы себепті де кейбір кандидаттардың депутаттыққа түсуіне кері әсері барын айтты.

Дөңгелек үстел отырысының соңында комиссия төрағасы Мейірбек Хасанов ағымдағы жылы өкілеттілік мерзімі аяқтала келген 5 ауылдық округ әкімдерінің сайлауларын өткізу жоспарланғанынатап өтті.Жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктерді аккредитациядан өтіп, аудан көлемінде өткізілетін барлық сайлау процестеріне байқаушы ретінде қатысып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.