АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ

АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ
АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ
Бүгін Жымпиты ауылында волейболдан ардагерлер арасында Сырым ауданының чемпионаты өткізілді. Ауданымызда волейбол спортын дамыту, ардагерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға 40 жастан асқан спортшылардан құралған 6 команда қатысты. Ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Махмет пен ардагер спортшы Ғ.Қаналиев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс нәтижесінде: Жымпиты ауылдық округі 1 орын, Жосалы ауылдық округі 2 орын, Қособа ауылдық округі үздік үштікті түйіндесе,
Аралтөбе ауылдық округі «Жеңіске деген жігері үшін» марапатталды. Жеке номинацияларда: “Үздік қорғаушы”- Кдырниязов Амангелді (Аралтөбе ауылы), “Үздік байланыстырушы” Ескендиров Жасболат (Қособа ауылы), “Үздік шабуылшы” Шайхиев Чингиз (Жымпиты ауылы), “Үздік ойыншы” Есенгалиев Жастілек (Жосалы ауылы) марапатталды.
Жеңімпаз бен жүлдегерлерге «Қайсар» спорт клубы атынан диплом, медаль, кубок және ақшалай сыйлықтар табысталды.