«Мектепке жол» акциясы өтті

«Мектепке жол» акциясы өтті

Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінде республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті. Аталмыш акция мақсаты оқушыларды мектепке толық дайындау, көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған балаларға қамқор болу. Оқушыларға «Планшет сыйла» марофоны аясында Сырым аудандық аппараты атынан М.Мырзаш көп балалы отбасыға 1 планшет, мектеп ұжымы атынан Е.Даулов 2 планшет сыйлады. Мектепке келіп түскен ең алғашқы демеушілік «Сержан» ШҚ атынан Өмірзақов Сайлау оқушыларға арнап, оқу құралдарымен бірге 7 сөмке тарту етті. Сонымен қатар, бұл игі шараға «Әсем» ШҚ Сұлтанов Арсен, «Уса» ШҚ Алшекенов Мералы, «Али-Дар» ШҚ Бисенгужина Улмекен, «Жетікөл» ШҚ Утепова Рыста, «Өтеулі» ШҚ Елеуов Женис, «Нұртілек» ШҚ Исмагулов Ақтілек, «Барыс» ШҚ Нұржанов Тлеккабул демеушілік көрсетіп, қаржылай ақша жинап берді. Алдағы уақытта жиналған қаражатқа оқуға қажетті оқу-құралдар алынып, балаларға табысталатын болады. Аталмыш акция соңында мектеп директорының міндетін атқарушы Е.Даулов: «Мектепке жол» акциясы жыл бойы жалғасады. Мемлекеттік қызметкерлерді, кәсіпкер-меценаттарды және барша қайырымды жандарды осы акцияға белсенді түрде қатысуға шақырамын, барша демеушілік көрсеткен жандарға өз алғысымды білдіремін» – деді.