
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 14 наурыздағы “Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, жетім -балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды COVID-19 короновирустық инвекцияның таралуына жол бермеу мақсатында шараларды күшейту туралы” №108 бұйрығы негізінде және БҚО білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің 2020 жылдың 16 наурыздағы “Білім басқармасына қарасты мекемелерде короновирустық инфекциясы COVID-19 таралуының алдын-алу шараларын күшейту туралы” бұйрығына сәйкес, мекемеде санитарлық-эпидемиялогиялық және алдын-алу шаралары жасалып, педагогтар үй жағдайында ата-аналарға онлайн режимінде кеңестер беріп, балаларға түзеу-дамыту сабақтарын жүргізіп, кері байланыс алып, ФБ. әлеуметтік желісіне жүктеді .
Білім және ғылым министрінің 13 тамыздағы №345 “Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезенінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұстанымдарды бекіту туралы” атты бұйрықтың 2 қосымшасының 3 тарауын басшылыққа ала отырып, 17 тамыздан бастап, штаттық режімде екі ауысымда жұмыс істеу басталды.
Ата-аналардың қалауы бойынша, олардың жеке өтініштеріне сәйкес бейне сабақтар 5 балаға қашықтықтан өткізіледі.
Сабақтың ұзақтығы ерте жастағы балалар үшін 20-25 минут, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін 30-35 минутты құрайды.