ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ КЕШ
Сырым ауданының орталығында жаңа жылдық кеш өтті.
Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов жерлестерді жаңа жылдық мерекемен құттықтап, келер жылға толағай табыс, зор денсаулық, мол бақыт тіледі.
Тұрғындарға мерекелік көңіл күйді аудандық демалыс орталығының ұжымы ұйымдастырды.
Кеш барысында ән де шырқалды, би де биленді. Сонымен қатар, комедиялық қойылымдар қойылып, көрермендер арасынан карнавалдық киім киген жандарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Жаңа жылдық думанды кешке Аяз ата мен Ақшақар келіп, мерекелік бағдарламаға қатысушылардың көңілін серпілтті.