ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК!

ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК!
ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК!
XXI ғасыр технология дәуірі. Иә, қазіргі уақытта технологияның даму үдерісі зымыранның жылдамдығымен бірдей дегенде ақпараттар бар ғалымдарда. Күнделікті қолданып жүрген смартфон, мультимедиялық құрылғылардан бөлек шаруашылық трактор, құрылыс саласына арналған техникалардың қай іскеде ыңғайлап жасалған сан алуан түрі таңғалдыруда. Жерді қазатын трактор, тіпті, әп сәтте тау тасты қопарып, жермен жексен қылатын техникаларда бар.
Алайда, техниканың қанша түрі,қандай нұсқада шықсада Аллаға тағала жаратқан адамзаттан артық еместігіне талас жоқ. Өйткені ол адам.
Сіз жымпитылық Асқар Абахұлы жөнінде не білесіз? “Екі қолға бір күрек” - дегенді сөз арасында айтқанмен, осы күрек ұстаудың қыр - сырын Асқар ағадан артық білмейді - ау ешкім!
Асқар Амиров қазір 53 жаста. Ақ адал еңбегімен айнала мен алысқа қатар танылған еңбек адамының қазіргі уақытқа дейін қазған құдығында есеп жоқ. Қысы жазы қолында күрегі мен лом темірі. Қайбір жылы Сырым ауданына “Ақбұлақ” бағдарламасымен ауыз су келген кезде ауылдағы қыруар үйге жердің астымен “барған да “ - осы Асқар!
“Өмір бар жерде, өлім бар”- дейді, қазақ. Ажалдың келері ақиқат болғанымен, қай уақытта келері белгісіз. Шілденің шіліңгір, қапырып ыстығында келе ме? Әлде, қыс айындағы сықырлаған аяз, көз аштырмас боранында келе ме? Ол жағы бір құдайға ғана аян. Мақала кейіпкері Асқар қандай ауа райы болсада жұмысына еш кедергі болмайтынын сан мәрте дәлелдеген! Өткір, салқын желді күні жауған нөсерлі жаңбыр, тіпті, ат құлағы көрінбейтін түтеген боранда том жарып, қабір қазған Асқар жерлес ағайындарының өлісінің де, тірісінің де ризашылығын алып келеді десек, артық еместі. Ақ адал еңбекпен қара күштің иесі бұл жұмысына өмірінің жартысын арнаған.Төңіректегі бармаған ауылы, елді мекендермен қыстақтары және зираттары қалмаған. Еңбекқор, ісі өнімді, күрегі өткір ағаны Ақжайық,Қаратөбе, Орал жағы да шақырып, қызмет тапсырады.
- “Асқарды біраз жылдардан бері білемін.Оны бір істі ертеңге қалдырмайтын,шапшаң, сергек әрекеттері ерекшелеп тұрады. Еңбекқорлығынан бөлек аппақ көңілі, таза ниеті, адам баласына деген жанашырлығында да сөз жоқ.”-дейді, көршісі Ақылбек Бекболатов.
Елуді еңсерген ердің Бибігүл есімді асыл жары, қос қанаты болған Арнұр,Арсұлтан есімді ұлдары және шаршағанда иіскеп мауқын басар Айша, Абзал, Айбек есімді немерелері бар.
Қоңдыкер ЕЛЕУОВ,
“Сырым елі”