БЕЛСЕНДІ ҰЖЫМ БЕЛЕСТЕН АСТЫ

БЕЛСЕНДІ ҰЖЫМ БЕЛЕСТЕН АСТЫ
БЕЛСЕНДІ ҰЖЫМ БЕЛЕСТЕН АСТЫ
“Сырым жастары” ЖҚБ-ның 20 жылдығы, Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының 10 жылдығы қарсаңына орай Сырым аудандық әкімдігінің мәжіліс залында жастармен кездесу өтті.
Кездесуде “Сырым жастары” ЖҚБ-ның 20 жылдығы, Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының 10 жылдығына арнап дайындалған бейнеролик көрсетілді.
Шараның алғы сөзін Сырым ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Тимур Құбаев сөйледі. Аудандағы үлкенді-кішілі шаралардың қай-қайсысына да жастардың белсенді қатысып келетінін, олардың су тасқыны кезінде уақытпен санаспай, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп, ұйқысыз таң атырғанын, гуманитарлық көмекті жүк көлігінен түсіріп, оны теңдей бөліп, зардап шеккендерге жеткізуде аянбай еңбек еткендері ерлікпен пара-пар екенін айтып, алғыс білдірді. Одан кейін Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығында қызмет атқарған және қазіргі таңдағы қызметкерлеріне алғыс білдіріп, аудан әкімі Жұмагелді Батырниязовтың атынан жазылған алғыс хатпен марапаттады.
Жиынға Хадиша Бөкеева атындағы қазақ-драма театрының директорының орынбасары Нұртілеу Болат қатысып, құттықтау тілегін білдірді. Сонымен бірге, “Сырым жастары” ЖҚБ-ның 20 жылдығы, Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының 10 жылдығы және ҚР тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған этно-тимбилдинг жеңімпаздарына диплом, сыйлықтарын табыстады.
СЫРЫМ ЕЛІ