Еліміздің “Тәуелсіздік күні” мерекесіне және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына орай «Желтоқсан оқиғасы – ұлт рухының биік белестері» тақырыбында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.
Шараға Желтоқсан оқиғасының куәгерлері, аудандық мекеме ұжымдары, қоғамдық кеңестің төрағасы, ұстаздар, оқушылар, «Аманат» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Т.Дарғожиев қатысты. Шара барысында алғы сөз сөйленіп, осы орайда Желтоқсан оқиғасының ерекше маңызы жөнінде ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Мұқат Арыстанов баяндама жасады. Сонымен қатар еліміздің еркіндігі мен бостандығы жолында бастарын тіккен Желтоқсан оқиғасының куәгерлері ЖББ Бұлан орта мектеп-балабақша кешенінің ағылшын тілі мұғалімі Гүлсәуле Жалекенова, Алмагүл Каженова, Миржан Исмагулов сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті.
Демалыс орталығының қызметкерлері әндер шырқап, Ақылбек Бекболатов М.Шахановтың «Желтоқсан желі» Есбол Ниетқали, Гүлназ Жүсіпқалиева әділетсіздіктің құрсауына төзбеген, намыс пен арды көздеген өрімдей жастардың рухына арналған өлеңдер оқыды.
Шара соңында оқушылар желтоқсан куәгерлеріне арнап, сұрақтар қойды.