ТӘУЕЛСІЗДІККЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР
Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған волейболдан ерлер арасындағы Сырым ауданы әкімінің кубогінің ашылу салтанаты өтті.
А.Шайхиев атындағы балалармен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын ауданымыздың күміс таңдай әншілері Армат Жұмагелдиев пен Серік Сағидуллин жанды дауыста орындады.
Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған волейболдан ерлер арасындағы Сырым ауданы әкімінің кубогіне Аралтөбе, Бұлдырты, Жосалы, Жымпиты, Қособа ауылдық округтері және Ақжайық, Бөрлі, Қаратөбе, Теректі аудандарының спортшылары қатысып, бақ сынауда.
Сайыстың ашылу салтанатында алғашқы сөзді аудан әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлы Батырниязов сөйлеп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.